Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыруға неге қарсы

Опубликовано:

Файзер
Көрнекі фото: Scott Olson/Getty Image

Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев ОКҚ өткен брифингте Pfizer вакциналарын алып-сатудан қорқатынын, сондықтан олар өздерінің препаратымен ақылы түрде вакцинациялауға келіспейтінін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Вице-министрдің сөзінше, Comirnaty вакцинасын жасаушылардың бірі Pfizer компаниясы олардың препаратымен ақылы түрде вакцинациялауға келіспейді.

"Pfizer бұл ақыр соңында жанама қайта сатуға әкеледі деп санайды және Денсаулық сақтау министрлігі мен Pfizer арасындағы келісім бойынша жанама қайта сатуға рұқсат етілмейді", - деді спикер.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Comirnaty вакцинасын ақылы түрде салдыру мүмкін емес деген шешімге келген.

Сонымен бірге, ол бұл тыйымның тек Қазақстанға емес, вакцина жеткізілген басқа да елдерге қатысты екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаппарова халыққа ақылы түрде Pfizer вакцинасын салу мәселесі қарастырылып жатпағанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956806-densaulyq-saqtau-ministrligi-pfizer-vakcinasyn-aqyly-turde-saldyruga-nege-qarsy/

pixel