Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"13 градус жылы": Синоптиктер алдағы демалыста ауа райы қандай болатынын болжады

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 19-21 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақталады.

Сонымен қатар, республиканың батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

20-21 ақпан аралығында солтүстік-батыста, 21 ақпанда елдің солтүстігінде қар жауып, жел күшейеді, одан бөлек көктайғақ болуы ықтимал.

Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде.

Атап айтқанда, батыста түнде ауа температурасы -5...+5 аралығында құбылса, күндіз +2...+13 жылы болады.

Солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5...-16 градус суық болса, күндіз -8...+ 2 градусқа дейін жылы болуы мүмкін.

Орталықта, шығыста түнде -8...-17 градус суық, күндіз ауа температурасы -1...-10 градус салқын болады деп күтілуде.

Ал еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде сынап бағанасы -5...+5 градус көрсетеді, күндіз + 5...+13 градусқа дейін жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956834-13-gradus-zyly-sinoptikter-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/

pixel