Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз тұрғыны кафенің шатырында полиция департаментінен ұрланған қаруды сақтаған

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Жамбыл облысы ПД

Тараз тұрғыны кафенің шатырында полиция департаментінен ұрланған қаруды жасырған. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

18 ақпанда жедел-тергеу шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласының бұрын сотталған 26 жастағы тұрғыны ұсталған.

Жас жігіт өзі жұмыс істеген кафенің шатырына атыс қаруын сақтап қойғанын айтқан.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары полиция бөлімінің қоймасынан ұрланған 3 дана "АКСУ-74" автоматын тауып, тәркілеген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша (Қаруды заңсыз алу, беру, сату, иемдену, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталған. Тәркіленген қаруға сараптама таағайындалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматының полиция қызметкерлері Медеуге барар жолдан қару-жарақ пен граната тауып алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956873-taraz-turgyny-kafenin-satyrynda-policiya-departamentinen-urlangan-qarudy-saqtagan/

pixel