Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Қауіпті дерт жұқтырған 278 адамның жағдайы ауыр

Опубликовано:

вируссс
Көрнекі фото: www.rbc.ru

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты соңғы статистикалық мәліметтерді жариялады.

19 ақпандағы мәлімет бойынша, 37 116 адам коронавирус инфекциясынан (–35 966 + және 1 150 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 4 926 пациент стационарда, 32 190 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 278 адамның жағдайы ауыр,
  • 116 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 82 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны азаюда. Өткен тәулікте елімізде қауіпті дерт 1008 адамнан анықталды.

Оған қоса, Қазақстанда кеше 3439 адам қауіпті дерттен емделіп шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956899-covid-19-qauipti-dert-zuqtyrgan-278-adamnyn-zagdaiy-auyr/

pixel