Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: "Қызыл" аймақта үш өңір ғана қалды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрілігі республикадағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жаңартты. Оған сәйкес, Қазақстанның бірнеше өңірінде коронавирустың таралуы бойынша жағдай жақсарған, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

"Қызыл" аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны азаюда. Өткен тәулікте елімізде қауіпті дерт 1008 адамнан анықталды.

Оған қоса, Қазақстанда кеше 3439 адам қауіпті дерттен емделіп шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956905-koronavirus-qyzyl-aimaqta-us-onir-gana-qaldy/

pixel