Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда өткен тәулікте 847 адамдан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 61
  • Алматы қаласы - 263
  • Шымкент қаласы - 9
  • Ақмола облысы - 42
  • Ақтөбе облысы - 14
  • Алматы облысы - 65
  • Атырау облысы - 6
  • Шығыс Қазақстан облысы - 43
  • Жамбыл облысы - 12
  • Батыс Қазақстан облысы - 20
  • Қарағанды облысы - 72
  • Қостанай облысы - 73
  • Қызылорда облысы - 2
  • Маңғыстау облысы - 7
  • Павлодар облысы - 73
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 84
  • Түркістан облысы - 1.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 298 456-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, бір тәулікте 3553 адам коронавирустан жазылып шыққан.

20 ақпандағы мәлімет бойынша 34 417 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 4 545 пациент стационарда, 29 872 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 258 адамның жағдайы ауыр, 105 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956954-elimizde-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-azaidy/

pixel