Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстан "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өткен.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары;
  • "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 847 адамдан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 298 456-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, бір тәулікте 3553 адам коронавирустан жазылып шыққан.

20 ақпандағы мәлімет бойынша 34 417 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 4 545 пациент стационарда, 29 872 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 258 адамның жағдайы ауыр, 105 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956960-koronavirus-qazaqstan-zasyl-aimaqqa-otti/

pixel