Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда жаппай төбелеске қатысқан жігіттер видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Төбелес
Видеодан кадр: instagram.com/my.zhez

Жезқазғанда екі топқа бөлініп, жаппай төбелескен жігіттердің әрекеті видеоға түсіп қалды. Болған жайтқа қатысты Қарағанды облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаппай төбелес Есенберлин көшесіндегі аулада болған. Оқиға түсірілген видеожазба әлеуметтік желіде пайда болды.

Жазба авторларының сөзінше, екі топқа бөлінген ер адамдар алдымен төбелесіп, артынша олардың бірі қарсыластарының көлігін қирата бастаған.

Нәтижесінде оқиға орнына полиция жасағы шақыртылды. Куәгерлер тәртіп сақшыларының келген сәтін камераға түсіріп үлгерген.

Осы оқиғаға қатысты полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс тіркеліп, төбелеске қатысқандар ұсталған.

"Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды анықтап, Жезқазған қалалық полиция басқармасына жеткізді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша (Бұзақылық) қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956974-zezqazganda-zappai-tobeleske-qatysqan-zigitter-videoga-tusip-qaldy/

pixel