Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балықшы суға түсіріп алған қымбат телефонын алып шығу үшін арнайы маман жалдады

Опубликовано:

балықшы
Видеодан кадр: Instagram/zello.video

Әлеуметтік желіде 800 мың теңге тұратын смартфонын суға түсіріп алып, водолаз көмегіне жүгінуге мәжбүр болған балықшы туралы видео тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Телефонын су түбінен алып шығуға арнайы маманды балықшы 160 мың теңгеге жалдаған. Ер адамның мұз ойығына смартфонын қалай түсіріп алғаны белгісіз.

Балықшының бақытына орай, су түбіне кеткен смартфонды табудың сәті түскен.

Видеодан суға сүңгіген маманды арқанмен ұстап тұрған ер адам мен балықшының таныстарын байқауға болады. Водолаз су түбінен алдымен телефонды шығарып, оны иесіне берген. Телефонның жұмыс істеп тұрғаны белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956987-balyqsy-suga-tusirip-algan-qymbat-telefonyn-alyp-sygu-usin-arnaiy-maman-zaldady-video/

pixel