Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ, қар: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

Түнде және таңертең 21-23 ақпанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 21 ақпан күндіз, 22-23 ақпанда тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жетеді.

21 ақпанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

21 ақпанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз шығысында, оңтүстік-батысында, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

21 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

21 ақпанда күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

21 ақпанда Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз 21 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956996-tuman-koktaigaq-qar-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel