Жамбыл облысында ер адам бүлік кезінде тез тұтанатын сұйықтық таратты деген күдікпен ұсталды
Опубликовано:

Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде көшеде жүргендерге тез тұтанатын сұйықтық таратты деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол 44 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна дерегінше, күдікті орталық көшелердің біріне "Митсубиси" көлігімен тоқтай қалып, баласы екеуі шерушілерге сұйықтық құйылған шөлмектерді таратқан. Бұл әрекеттері видео айғақпен дәлелденген.
Ал тез өртенетін сұйықтық қолдарына тиген бұзақылар оны ғимараттарды өртеуге қолданған. Аталмыш дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті қамауға алынды. Ал, баласы жайында мәлімет айтылмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957002-zambyl-oblysynda-er-adam-bulik-kezinde-tez-tutanatyn-suiyqtyq-taratty-degen-kudikpen-ustaldy/