Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да автобустан түскен мектеп оқушысын көлік басып кетті

Опубликовано:

оқушы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алтай қаласында мектеп оқушысын көлік басып кетті. 11 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 19 ақпанда түскі сағат 12:45-те болған. Аялдамадан түскен мектеп оқушысы автобусты артынан айналып, жолдан өтіп кетпекші болған. Сол кезде оны жеңіл көлік қағып кетті.

"AUDI-100" маркалы көліктің жүргізушісі Рабочая көшесімен Рудный көшесіне қарай келе жатқанда жолдан өтіп бара жатқан 11 жастағы баланы басып кеткен. Мектеп оқушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деді полицейлер.

Ал көлік жүргізушісі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957004-sqo-da-avtobustan-tusken-mektep-oqusysyn-kolik-basyp-ketti/

pixel