Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында 7 баланың анасын аяусыз өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Атырау облысында ер адам көпбалалы ананы өлтірді
Илюстрациялық сурет: https://pixabay.com

Атырау облысында көпбалалы ананы өлтірген ер адамға сот үкімі шықты. Әйел ер адамды өз атынан несие алып беруге көндіріп, оны төлемей қойған. Танысы болса оны несиені төлемегені үшін өлтіріп кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 2021 жылдың наурыз айында 7 баланың анасы, "Алтын Алқа" иегері 25 жастағы Құлсары ауылының тұрғынын өз атынан несие алуға көндіреді. Несиені уақытында төлеймін деген уәдесін де берген.

Алайда көпбалалы ана баспаханада еден жуушы болып қызмет атқарғаннан кейін алған несиесін уақытында төлеуге мүмкіндігі болмайды.

35 жастағы әйелді 25 жастағы танысы жұмысының алдында тосып, бірнеше жерден пышақтап кеткен. Салдарынан ол жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмған.

Жеті бала тірідей жетім қалды. Үлкені колледжде білім алса, ең кішкентайы 5 жаста ғана.

Мемлекеттік айыптау сотталушыны колонияға 10 жылға тоғытуды сұрады.

Сот сотталушының шын жүректен өкінуі, кінәсін мойындап келуі, қылмыс пен отбасы жағдайын ашуға белсенді ықпал ету түріндегі ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957030-atyrau-oblysynda-7-balanyn-anasyn-ayausyz-oltirgen-er-adamga-sot-ukimi-syqty/

pixel