Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайыловтың қолсағаты қанша тұрады: Премьер-министр кеңсесі жауап берді

Опубликовано:

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың сағаты қанша тұрады?
Фото: Facebook / Ruslan Zheldibay

Соңғы күндері желіде үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қолсағаты қызу талқылануда. Премьер-министрдің қолындағы аксессуардың бағасына қатысты бірқатар болжамдар айтылып, оның құны кемі 5-8 мың АҚШ долларына тең деген сыңайдағы пікірлер тарады. Қолсағат төңірегіндегі дауға премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлихан Смайыловтың сағатына қазақстандық белгілі журналист Михаил Козачков назар аударған. Қолсағаттың суретін ол өзінің Telegram каналдарының бірінде бөлісті.

Козачков үкімет басшысының қолсағаты француз сағаттар үйінің және Cartier зергерлік бұйымдар бренді топтамасындағы акссессуарға қатты ұқсайтындығын атап өткен. Мұндай хронометрдің бағасы 5-8 мың доллар, яғни, 2,1-3,4 млн теңге шамасында тұрады.

Аталған жазба премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібайдың назарынан тыс қалмады. Ол премьер-министрдің қолсағаты мүлдем басқа брендке тиесілі екенін және оның бағасы әлдеқайа арзан екенін айтып, өзінің Facebook-тегі парақшасына жазба жариялады.

"Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5,000-8,000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты. Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын", - деп хабарлады Желдібай.

Еске салсақ, бұған дейін қаңтар айының соңында МҚІА төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған Айнұр Серғазиеваның да басы дауға қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957050-smaiylovtyn-qolsagaty-qansa-turady-premer-ministr-kensesi-zauap-berdi/

pixel