Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал полиция бастығының орынбасары қамауға алынғаннан кейін ауруханаға түскен

Опубликовано:

Эдик Булатов. Фото:
Эдик Болатов. Фото: uralskweek.kz

Орал полиция бастығының орынбасары Эдик Болатов тергеу изоляторынан ауруханаға жеткізілген. Ол медициналық мекемеде бірнеше күн емделген. Бұл туралы БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, Эдик Болатов Орал полиция басқармасының тергеу изоляторына 5 ақпанда түскен.

"Күдікті ақпанның 8-і мен 11-і күндері аралығында "үшінші дәрежелі артериялық гипертензия" алдын-ала диагнозымен қалалық көп салалы аураханаға жатқызылған. Қазіргі таңда ол РУ-170/1 тергеу изоляторында жатыр. Оның жағдайы қанағаттанарлық", - деді БҚО бойынша ҚАЖД өкілдері.

Еске салсақ, 5 ақпан күні ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті жедел іс-шаралар жүргізу барысында Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасарын пара алу үстінде ұсталды деген ақпарат тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957060-oral-policiya-bastygynyn-orynbasary-qamauga-alyngannan-keiin-auruxanaga-tusken/

pixel