Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өлген адамның телефоны мен ақшасын ұрлаған: Семейде бұрынғы тәртіп сақшылары сотталды

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Семейде бұрынғы полиция қызметкерлері сот алдында жауап берді. Олардың үшеуі өкілеттігін асыра пайдаланды және өлген адамның ақшасын ұрлады деп айыпталса, тағы бір адамға экс-полицейлерге көмектесті деген кінә тағылған. Бұл туралы №2 қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Arnapress.kz.

Сот барысында 2020 жылдың 11 қарашсында жедел топтың құрамына кірген тергеуші, жедел уәкіл және криминалист оқиға орны мен ер адамның денесін қарау кезінде жәбірленушінің телефонын алып, оны хаттамаға енгізбеген.

Қызметкерлер қызметтік өкілеттігін асыра қолданып, алдын ала сөз байласу арқылы 120 мың теңге ұрлық жасаған.

Прокурор үш бұрынғы тәртіп сақшысына 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді, ал оларға көмектескен адамның 5 жылға бас бостандығын шектеуді сұраған. Экс-құқық қорғаушылардың екеуі кінәсін ішінара мойындаса, ал үшіншісі айыбын толық мойындаған.

Сот олардың үшеуін мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, олар арнаулы атақтарынан айырылды.

Сот үкімімен төртінші айыпталушыға 5 жылға бас бостанлығынан шектеу жазасы берілген. Ол да арнаулы атақтарынан айырылған, бұдан кейін мемлекеттік органдарда жұмыс істей алмайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957094-olgen-adamnyn-telefony-men-aqsasyn-urlagan-semeide-buryngy-tartip-saqsylary-sottaldy/

pixel