Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда ашқұрсақ күйі табылған төрт балаға қатысты тергеу аяқталды

Опубликовано:

Жиналыс
Фото: Хабар 24

Екібастұз қаласында пәтерде ашқұрсақ және науқас күйінде табылған төрт балаға қатысты қызметтік тергеу аяқталды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Нәтижесінде олқылыққа жол берген шенеуніктер мен сала мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Іс жүргізу барысында бірқатар лауазымды тұлға жұмыстарынан қуылды. Нақтырақ айтсақ, Екібастұз қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары мен білім беру бөлімінің басшысы жұмыс орындарын босатты. Сонымен қатар медицина, білім беру салаларының бір топ маманына сөгіс жарияланды. Айта кетейік, тергеу қорытындысы бойынша осы тектес оқиғаларды болдырмау мақсатында ұсыныстар жасалды.

Яғни, қиын жағдайдағы отбасыларды үнемі бақылауда ұстау, мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, ақпараттық базаларды біріктіру сияқты бағыттар бойынша шаралар күшейтілмек. Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Екібастұз қаласында қараусыз қалған төрт бала анықталған болатын. Қазір оларға тиісті ем-дом шаралары тағайындалды.

"Білім беру басқармасы балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларының қозғалысын толық бақылаймыз. Арнайы ақпараттық база бар. Бірақ соңғы бес жылда бізде аулаішілік аралау жұмыстары жүргізілген жоқ.

Яғни, мұғалімдеріміз мектепке бармайтын немесе қараусыз қалған балалар туралы білмейді. Бұл мәселе адами фактор салдарынан туындады. Сондықтан салада олқылықтар тіркеліп жатады",- деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957105-ekibastuzda-asqursaq-kuii-tabylgan-tort-balaga-qatysty-tergeu-ayaqtaldy/

pixel