Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, 22 ақпанда Қостанай облысының батысында бұрқасын күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

22 ақпанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

22-23 ақпанда түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, Жалаңашкөл аумағында күші 18-23 м/с дейін жетуі ықтимал.

22-23 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, түнде облыстың солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі.

22 ақпанда Ақмола облысының солтүстік-батысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

22 ақпанда күндіз Көкшетау қаласында да көктайғақ болуы мүмкін.

22 ақпанда күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

22 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, одан бөлек өңірдің оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957153-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel