Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да дәрігерлер бесінші баласын туған әйелдің өлімін жасырған

Опубликовано:

Жүкті
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстандағы Большой Изюм ауылының 35 жастағы тұрғыны Әйгерім Қазезова өткен жылы бесінші баласын дүниеге әкеліп, бірнеше аптадан кейін облыстық көпбейінді ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Бірақ ақ халаттылар оның өлімін тіркемей, пациентті аудандық ауруханаға ауыстырған. Ал ондағылар мәйітті еш медициналық құжатсыз туыстарына берген. Кейін берілген анықтамада азаматша дүниеден өткен соң марқұм тағы бір ай коронавирустан емделді деп жазған.

Тексеріс кезінде арнайы комиссия екі медициналық ұйымның 10-ға жуық қызметкерінің заңсыз әрекетін әшкереледі.

"Дәрігерлердің айтуынша, бұлар ана өлімі фактісін жасыруды біздің облыстық статистикалық көрсеткіштің жоғарыламауымен байланыстырады. Сондықтан осы ана өлімін жасырғанын айтады. Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына және денсаулық сақтау басқармасына бердік.

Енді осы матеиарлдар бойынша процессуалды шешім қабылданады деп ойлаймын",- деді медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департамент басшысы Дархан Тұрлыбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957168-sqo-da-darigerler-besinsi-balasyn-tugan-aieldin-olimin-zasyrgan/

pixel