Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 483-ке дейін азайды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 483 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 26
  • Алматы қаласы - 172
  • Шымкент қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 23
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Алматы облысы - 42
  • Шығыс Қазақстан облысы - 20
  • Жамбыл облысы - 11
  • Батыс Қазақстан облысы - 4
  • Қарағанды облысы - 47
  • Қостанай облысы - 24
  • Қызылорда облысы - 1
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 50
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 55
  • Түркістан облысы - 2.

Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 299 566-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 2243 адам коронавирустан жазылып шыққан.

22 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 30 846 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 4 198 пациент стационарда, 26 648 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 230 адамның жағдайы ауыр, 103 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 85 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957196-elimizde-bir-taulikte-covid-19-zuqtyrgandar-sany-azaidy/

pixel