Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы бір айда елдегі коронавирус жұқтырудың орташа тәуліктік көрсеткіші 34 есе азайған

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 34 есеге азайды
Илюстрациялық сурет: https://pixabay.com

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың оң динамикасы байқалатынын жеткізді. Соңғы бір айда елде коронавирус жұқтырудың орташа тәуліктік көрсеткіші 34 есе азайған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Соңғы аптада аурудың тәуліктік өсімі тәулігіне 1 200 жағдайға дейін төмендеді. (...) Стационарда емделіп жатқан адамдардың саны 2,3 есе, амбулаторияда емделушілердің саны 5,1 есе азайды.

Бүгінде денсаулық сақтау ұйымдарында 30 мыңнан астам пациент, оның ішінде 86 пайызы (26 648 науқас) амбулаториялық деңгейде және 14 пайызы (4 198) стационарлық деңгейде емін жалғастыруда", - дейді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, соңғы айда инфекциялық төсектердің қамтылуы 38 пайыздан 17 пайызға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 20 пайыздан 14 пайызға дейін төмендеген.

Одан бөлек, ДСМ басшысы елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентімен 9,4 млн адам салдарығанын атап өтті. Бұл - шамамен қазақстандықтардың 50 пайызы. Ревакцинациядан 2,43 млн адам өткен.

Айта кетейік, соңғы тәулікте елде 483 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл көрсеткіш бір ай бұрын 15 мыңнан асқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957222-songy-bir-aida-eldegi-koronavirus-zuqtyrudyn-ortasa-tauliktik-korsetkisi-34-ese-azaigan/