Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: Украинада ұрыс қимылдары басталса, сол елдегі қазақстандықтар эвакуацияланады

Опубликовано:

Украина
Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысынан кейін еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинада ұрыс қимылдары басталса, онда қазақстандықтар эвакуацияланатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біздің Киевтегі елшілік жұмыс істеп тұр. Елшілік біздің Украинадағы азаматтарымызбен байланыста. Әрине, оларды эвакуациялау жолдары қарастырылып жатыр.

Егер қандай да бір ұрыс қималдары басталса, азаматтарымыздан біздің Киевтегі елішілікпен дереу байланысуды сұраймыз", - дейді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Айта кетсек, бұған дейін Мұхтар Тілеуберді Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындауға қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай екенін айтқан болатын.

Оның сөзінше, Қазақстанның алдында ДХР мен ЛХР-ды мойындау мәселесі тұрған жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойған еді.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің бұл әрекетін "Украинаның аумақтық тұтастығын бұзу" деп атады.

Сонымен қатар, Владимир Зеленский, Украина халқына үндеу жасады.

Одан бөлек, Ресейдің бұл шешіміне қатысты әлем елдері қарсы шығып, өз пікірлерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957246-sim-ukrainada-urys-qimyldary-bastalsa-sol-eldegi-qazaqstandyqtar-evakuaciyalanady/

pixel