Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

Мұрат Бектанов
Мұрат Бектанов. Фото: Вадим Савицкий / ТАСС

Еліміздің бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты ресми сайтында хабарлады.

"2022 жылғы 22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.К. Бектановқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот хабарламасында.

Сот қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейтінін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мұрат Бектановтың ұсталғанын хабарлаған едік. Ол Қылмыстық кодекстің 452-бабы ("Билік өкілінің әрекетсіздігі") бойынша күдікке ілінген.

Айта кетсек, қаңтар оқиғасынан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қатаң сынға алған болатын.

"Армия Тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады.

Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық", – деген еді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957252-buryngy-qorganys-ministri-murat-bektanov-eki-aiga-qamauga-alyndy/

pixel