Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде қанша шетел азаматы ұсталды

Опубликовано:

Абақты
Фото: Sputnik/Владимир Песня

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар оқиғасы кезінде қанша шетел азамат ұсталғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эльвира Әзімованың хабарлауынша, елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандар арасында шетелдіктер де бар.

"Қазіргі уақытта тергеу изоляторында 18 шетел азаматы отыр. Оның 14-і Өзбекстан азаматы, екеуі Ресей азаматы және екеуі Қырғызстан азаматы", - дейді ол.

Сонымен қатар, Әзімова оларды қамауда ұстау жағдайларына да тоқталды.

"Қамауда ұстау жағдайына қатысты айтар болсақ, 6 қаңтардан кейінгі алғашқы 48 сағатта қамалғандарға уақытылы ауыз су бермеу және тамақтануға жеткілікті дәрежеде мүмкіндік жасамау сынды деректер анықталды. Уақытша ұстау изоляторлары мен ұсталғандар орналастырылатын қосымша ғимараттардағы мәселе ұсталғандардың көптігіне байланысты болған", - дейді адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Осы ретте, омбудсмен кейінірек жағдай тұрақталғанын атап өтті. 10 қаңтардан кейін ұсталғандардың бәріне үйінен сәлемдеме алуға рұқсат берілген.

Сондай-ақ, оның сөзінше, бүгінде тамақтандыру нормативі сақталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957270-qazaqstandagy-tartipsizdikterden-keiin-qansa-setel-azamaty-ustalgan/

pixel