Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22.02.2022: Алматы қаласында қанша жұп неке қидырды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қалалық әділет департаментінің баспасөз қызметі бүгін, 22 ақпан күні мегаполисте 266 жұп отбасы құратынын хабарлады, деп жазады Қазақпарат.

Ведомство бүгін некесін қидыруға ниет білдіргендердің саны қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп болғанын жеткізді.

Алматы қаласында орналасқан сегіз АХАЖ бөлімі жас жұбайларға толы. Бүгін 266 жұп неке қидырмақ. Бұл қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп.

"Бізде күніне 20-дан 100- ге дейін тіркейтін. Жас жұбайлар осындай ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдайды. Көп адам 22.02.2022 күннің таңғажайып екеніне сенімді. Сондықтан ерекше назар аударады",- делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957310-22022022-almaty-qalasynda-qansa-zup-neke-qidyrdy/