Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Абаев ел туризміне 3 деген баға қойды

Опубликовано:

Дәурен Абаев
Дәурен Абаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстанның туризміне 5 балдық шкаланың 3 балын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәурен Абаев еліміздің туризм саласында кездесетін мәселелерге жеке тоқталды.

Оның сөзінше, біріншісі - инфрақұрылым.

"Мысалы, қазір осы жерден кез келген өңірге велосипедтен бара алатын болсақ, онда ол туризмді дамыта алады. Яғни инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласын дамыту қажет, - деді министр.

Абаев елімізде бір туристен бір жылдық жалақысын алып қалғысы келетіндер де бар екенін жасырмады. Ойынша, бұл туризмді дамытпайды.

"Біз тиімді инфрақұрылым жасап, қызмет көрсетуді дамытсақ, адамдар ол орындарға бір рет емес, тіпті 100 рет барады. Бұл бизнестің де табысын көбейтуге септігін тигізеді", - деді ол.

Сонымен қатар, Абаев Қазақстанның туризмін 5 балдық шкаламен бағалады.

"Қазіргі уақытта еліміздің туризміне 5 балдан 3 балл беруге болады деп ойлаймын. Өйткені қызық орындар, баруға тұрарлық, бір-біріне мүлде ұқсамайтын жерлер бар. Бізде бәрі бар, тіпті таудан тасқа дейін, орманнан шөлге дейін. Сондықтан 5 балға жету үшін инфрақұрылым мен сервисті дамытуымыз керек", - деді министр.

Оның айтуынша, елімізде кез келген туриске демалуға мүмкіндік бар. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957312-dauren-abaev-el-turizmine-3-degen-baga-qoidy/

pixel