Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда екі жұмысшы шатырдан құлап қаза тапты

Опубликовано:

Құрылыс басындағы құрылысшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу кезінде екі жұмысшы төбеден құлап қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqstan ұлттық арнасы.

Қайғылы оқиға қаладағы шағын ауданда болды. Куәгерлердің айтуынша, жаңғырту бағдарламасы аясында баспанаға жөндеу жүргізілген.

Көз жұмған жұмысшылар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған, яғни, қауіпсіздік белбеуін тақпаған. Салдарынан екеуі 5 қабатты үйдің шатырынан тайып, құлап кеткен.

Олардың бірі — 25 жаста, ал екіншісі — 36-да.

Қазір полиция тергеуді бастады.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің күмбезі құлағанын жазған едік. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957327-atyrauda-eki-zumyssy-satyrdan-qulap-qaza-tapty/

pixel