Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ-қырғыз шекарасында көліктердің тұрып қалуына қатысты түсініктеме берілді

Опубликовано:

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы айтты
Көрнекі фото: piqsels.com

Еуразия экономикалық комиссиясының кеден ынтымақтастығы министрі Мақсат Мамытқанов Sputnik ақпарат агенттігінде өткен бейнекөпір барысында қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелісіне қатысты түсініктеме берді.

"Қазақ-қырғыз шекарасында техникалық проблемалар туындады. Екі ел мұны екіжақты тәртіпте шешуге тырысып жатыр", - деді Мамытқанов.

Ол одақ ішінде кедендік шекара жоқ екенін еске салды.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметтер бақылайтын әкімшілік шекаралар ғана бар. Яғни шекарада тек шекарашылар жүреді, кеденшілер мен басқа бақылаушы органдар жоқ. Бұл қауіпсіздік саласы біздің экономикалық одақ туралы шартпен реттелмейді", - деді Мамытқанов.

Осыған байланысты ол әр мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелер – "әр елдің ішкі саясатының айрықша құқығы" екенін, ол одақ туралы келісімшартпен қамтылмағанын атап өтті.

"Бұл сала одақ құзыретіне кірмейді. Сол себепті ол жерде қандай да бір кедендік істер және одақ ішіндегі кеден органдарының тексерістері бар деп айту дұрыс емес", - деді Мамытқанов.

ЕЭК министрі тауарларды ішкі шекара арқылы тасымалдау процесі мүлде басқа мәселе екенін атап өтті.

Ол ЕЭК аясында тауарларды бақылау туралы халықаралық келісім жобасы әзірленіп жатқанын еске салды. Онымен қаржы және экономика блогы айналысуда. Оны Қазақстан өкілі басқарады.

"Бәрі біз жоспарлағандай іске қосылса, мұндай проблема туындамайды", - деп сендірді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957347-qazaq-qyrgyz-sekarasynda-kolikterdin-turyp-qaluyna-qatysty-tusinikteme-berldi/

pixel