Дәурен Абаев туризм министрлігін құруға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Құжат
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев туризм саласы бойынша бөлек министрлік құруға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өткен. Онда "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының директоры Инна Рей туризм министрлігін құруды ұсынды.

"Мүмкіндік болса, бөлек министрлік құру мәселесіне қайта оралғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Көрші өзбектерге қарасақ, олар үнемі бізден озып отырады. Біз де бәрін бір жерге жинауымыз керек. Өйткені мәденит, туризм мен спорт сияқты әртүрлі салалардың мәселесін бір уақытта шешіп отыру қиын. Сонда біздің мәселеміз бірінші кезекте шешіледі", - деді ол.

Министр Дәурен Абаев қор директорымен келіскен жоқ. Оның айтуынша, мәдениет, спорт пен туризм бір-бірімен тығыз байланысты.

"Біз, керісінше, туризмді дамыту үшін мәдениет пен спорт саласының мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз керек. Мысалы, бізде мәдениет комитеті салатын визит-орталықтар бар, сосын туризм комитеті салып жүрген визит-орталықтар бар.

Бұрын олардың арасында байланыс болмаған. Қазір бірлесіп салады. Былайша айтқанда, мәдениет бар жерге турист келуі керек. Сол сияқты спорттық шараларды да пайдалану қажет. Мысалы, туристер келгенде оларға бірден спорттық және мәдени шаралар пакетін ұсынған дұрыс", - деді Абаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957349-abaev-turizm-ministrligin-quruga-qatysty-pikir-bildirdi/