Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Ashyq жүйесі мен маска режимінен бас тарта ма: Тоғжанов жауап берді

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәдениет министрлігінің туризм мәселелері жөніндегі кеңейтілген алқа отырысының аясында Қазақстандағы карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері билік соңғы уақытта карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетіп жатқанын және осыған байланысты бұл үрдіс жалғаса ма деп сұрады.

"Осылай қалады. Күшейтілмейді (карантин шаралары). Қазір біз жаңа шектеулер жайлы ойлап жатқан жоқпыз, алдағы уақыттағы карантин шараларын жеңілдету мәселесін қарастырудамыз", - деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған жағдайда елге келетін Қазақстан азаматтары үшін міндетті ПТР-тестілеу алынып тасталды.

Сондай-ақ, вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын 30 шет елдің азаматтарына елге ПТР тестісіз кіруге рұқсат етіледі. Оның айтуынша, бұл шаралар туризмді дамытуға бағытталған.

Дегенмен, бүгінде Ashyq жүйесі мен маска режимінен бас тарту жоспарда жоқ.

"Біз әлі бас тартпаймыз, кішкене шыдам керек. Сіздерді де төзімді болуға шақырамын. Кей мемлекеттерде коронавирус ауруын жұқтырудың өсу деңгейі бар. Бүгінде бұл 34 елде байқалып отыр. Сондықтан, бұл мәселеде нақты шараларды ұстану керек. Маска режимінен әлі ешкім бас тартқан жоқ, әлеуметтік ара-қашықтықты да сақтау қажет",- деді Тоғжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957354-qazaqstan-ashyq-zuiesi-men-maska-reziminen-bas-tarta-ma-togzanov-zauap-berdi/

pixel