Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Лакшми Митталға қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс екенін айтты

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "АрселорМиттал" компаниясының басқарма төрағасы – бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бейнебайланыс режимінде өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лакшми Миттал "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселені талқылаған.

Президентке компанияның инвестициялық бағдарламасы және өндірісті ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін шығару, сондай-ақ Қазақстанмен алдағы уақыттағы серіктестік аясында әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі жоспары туралы мәлімет берілген.

Сондай-ақ, құрал-жабдықтарды жаңарту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мәселелері қарастырылған.

Мемлекет басшысы қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз етудің, халықаралық қауіпсіздік талаптарын сақтаудың және қызметкерлерді оқытудың аса маңызды екенін атап өткен.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс екенін айтқан.

Сонымен қатар, кездесуде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 2024 жылға қарай қалдықтарды 30 пайызға, ал 2030 жылға қарай 50 пайызға азайту, сондай-ақ осы стратегияны іске асыруға Қарағанды облысының жұртшылығын тарту үшін қабылдап жатқан шараларына ерекше назар аударылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957364-toqaev-laksmi-mittalga-qazaqstandyq-zumyssylarga-laiyqty-enbekaqy-tolenuge-tiis-ekenin-aitty/

pixel