Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте адамның ағза мүшелерін саудалауға қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның Жоғарғы Соты адам ағзасын саудалауға қатысы бар деген трансплантолог-дәрігерлердің ісіне нүкте қойды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Жыл басында Бас прокуратура істі қайта қарауды сұраған. Алайда аппеляциялық шағым қанағаттандырылмады. Осылайша, 2020 жылы барлық азаматтарға оқылған үкім өзгеріссіз қалды.

Естеріңізде болса, 2019 жылы "адам ағзасын заңсыз саудалады" деген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі елді дүрліктірген болатын.

Содан кейін құқық қорғау органдары елордалық трансплантолог-хирург Ғани Құттымұратов пен Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайды ұстаған.

Сөйтіп, сот отырысында Құттымұратов кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға сотталған еді. Ал Абылай Донбай кінәсіз болып шығып, сот залынан босатылған.

Қазір ол жергілікті ауруханада қызметін жалғастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957382-symkentte-adamnyn-agza-muselerin-saudalauga-qatysty-sot-ukimi-syqty/

pixel