Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік: Коронавирустан емделіп жатқан 220 адамның жағдайы ауыр

Опубликовано:

ауруханада
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

23 ақпандағы мәлімет бойынша 28 280 адам коронавирус инфекциясынан (27 181 КВИ+ және 1 099 КВИ-) емделіп жатыр деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік ұсынған соңғы деректерге сүйенсек, 3 672 пациент стационарда, 24 608 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 220 адамның жағдайы ауыр, 88 пациенттің жағдайы өте ауыр, 78 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәлімет бойынша, елімізде өткен тәулікте 598 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957406-ministrlik-koronavirusten-emdelip-zatqan-220-adamnyn-zagdaiy-auyr/

pixel