Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен екі түркістандық әйел ұсталды

Опубликовано:

Ару
Көрнекі фото: pexels.com

Атырауда жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен екі келіншек ұсталды. Қолға түскендер Түркістан облысының тұрғындары, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 21 ақпан күні “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен екі әйелді ұстаған.

Олардың Азаттық даңғылында орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі жалдамалы пәтерде "жұмыс істегені" анықталып отыр.

Қолға түскендер Түркістан облысының тұрғындары.

Олардың үстінен тәртіп сақшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы ("Тыныштықты бұзу") және 449-бабы ("Қоғамдық орындарда тиісу") бойынша хаттама толтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957447-atyrauda-zezokselikpen-ainalysty-degen-kudikpen-eki-turkistandyq-aiel-ustaldy/

pixel