Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік полицейлер құйрық майдың ішінен телефон тауып алды

Опубликовано:

Ақтөбе
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде қойдың құйрық майына телефон жасырып, түрмеге кіргізбек болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде тергеу изоляторының күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде қойдың ысталған құйрық майының ішінен телефон мен 2 sim-карта тауып алғанын хабарлады.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жастағы әйел “қарақшылық” бабымен сотталған інісіне жеткізбек болған екен.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, ұялы телефон тәркіленген.

Әйел адам түсініктемесінде кінәсін толық мойындағаны белгілі болды.

Оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957463-aqtobelik-policeiler-quiryq-maidyn-isinen-telefon-tauyp-aldy/

pixel