"26 градус аяз": Синоптиктер алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК 24-26 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ал еліміздің солтүстігінде көбінесе қар түріндегі жауын-шашын, төмен бұрқасын күтіледі. Одан бөлек, желдің күші 15-23 м/с дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар, республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Солтүстік өңірлерде түнде 5-18 градус аяз, шығыста және орталықта 8-26 градус аяз болады деп болжануда.
Республиканың оңтүстігінде түнде 5 градус аяз болса, батыста 0-10 градус аяз болуы ықтимал.
Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары көктем мезгіліне арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957481-26-gradus-ayaz-sinoptikter-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/