Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дикий Арманға" ұқсас ер адамның әлдекімді тапаншамен қорқытқан видеосы пайда болды

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желіде тапаншамен әлдекімге қоқан-лоқы жасап жатқаны бейнеленген ер адамның видеосы пайда болды. Желі қолданушылары тапанша ұстаған адамның "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев екенін айтуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Болжам бойынша, видео қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қонақ үйлердің бірінде түсірілген. Кадрлардан қолына ақ шүберек байлап алған адамдарды байқауға болады.

Олардың екеуі белгісіз ер адамды "Дикий Арманға" ұқсас адамның алдына әкеліп, тізерлетіп отырғызған. Содан кейін ол тапаншасын алып, тізерлеп отырған адамның басына тақаған.

Артынша жағайды бақылап тұрған бірнеше жігіттің тізерлеп отырған адамды соққыға жыққанын байқауға болады. Ал қару ұстаған ер адам тапаншаны бір шетке қойып, тамақтана бастайды.

Еске сала кетсек, 7 ақпанда елдегі тәртіпсіздіктер кезінде Арман Жұмагелдиев қамауға алынған болатын. ІІМ мәліметінше, "Дикий Арманмен" бірге қылмыстық топ мүшелері деген күдікпен бес адам ұсталған.

Кейінірек, Арман Жұмагелдиев Нұр-Сұлтан қаласы сотының санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Сонымен қатар, еліміздің Бас прокуратурасы "Дикий Арманның" қаруланған адамдары қаңтар оқиғасы кезінде 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын, оларды ұрып-соққанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1957520-dikii-armanga-uqsas-er-adamnyn-aldekimdi-tapansamen-qorqytqan-videosy-paida-boldyy/

pixel