Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы көшесінде көлігімен артқа қарай жүрген жігіт жазаланды

Опубликовано:

Көлік
Видеодан кадр: instagram.com/almaty_kris_p

Алматының Саин көшесінде көлігімен артқа қарай жүрген жүргізушінің әрекетінен жаппай жол апаты болған еді. Полицейлер жол ережесін бұзған азаматты анықтап, оны жауапқа тартқан. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Telegram каналында хабарлады.

Әбдірахмановтың мәліметінше, жол ережесін бұзған азаматты анықтау Алматы полиция департаментінің арнайы батальон қызметкерлеріне жүктелген. Нәтижесінде ереже бұзған 2004 жылы туған М. есімді азамат анықталған.

Жас жігіт Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 8 бірдей бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, 590-баптың 2, 5 және 7-бөліктері, 595-баптың 2-бөлігі, 602 баптың 1-1 бөлігі, 603-баптың 2-бөлігі, 612-баптың 2-бөлігі және 614-баптың 1-бөлігі бойынша.

"Басқа құқықбұзушыларға қатысты тексеру жалғасуда. Жолда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске саламын", - дейді Әбдірахманов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы полициясы Саин көшесінде артқа қарай жүрген, мемлекеттік нөмірі жоқ көлік жүргізушісін іздестіріп жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957549-almaty-kosesinde-koligimen-artqa-qarai-zurgen-zigit-zazalandy/

pixel