Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігердің күртешесі мен аяқ киімін ұрлады деген күдікпен алматылық ұсталды

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда дәрігердің күртешесі мен аяқ киімін ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Медеу аудандық полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев растады.

Оның сөзінше, медициналық көмек алған 30 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі күні рұқсатсыз, өз еркімен ауруханадан кетуге шешім қабылдаған.

"Жылы киімі мен аяқ киім болмағандықтан ол қызметкерлер бөлмесіне кіріп, өзінің өлшеміне келетін қолайлы киімдерді киіп кеткен. Белгілі болғандай бұл - хирург-дәрігердің заттары екен. Бейнебақылау камераларының, сондай-ақ арнайы базаның көмегімен күдіктінің саусақ іздерін бақылау арқылы оның кім екені анықталды. Күдікті ұсталды", - дейді Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы.

Заттар медицина саласының маманына қайтарылған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабымен ("Ұрлық") іс қозғалып жатыр.

Қолға түскен ер кінәсін толық мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957558-darigerdin-kurtesesi-men-ayaq-kiimin-urlady-degen-kudikpen-almatylyq-ustaldy/

pixel