Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәрім Мәсімовтің тағы бір орынбасары ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасары ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К. Мәсімовке, төрағаның бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 22 ақпанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігімен комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтің ұсталғаны белгілі болды.

23 ақпан күні сот санкциясымен оған қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Комитет өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейтінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957560-karim-masimovtin-tagy-bir-orynbasary-ustaldy/

pixel