Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Алматы "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Алматы қаласы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.

24 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Солтүстік Қазақстан облысы;
  • "сары" аймақта Алматы қаласы, Қостанай, Павлодар облыстары;
  • "жасыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 566 адамнан коронавирус анықталған еді. Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 300 730-ға жетіп отыр.

Соңғы мәліметке сәйкес, қазір жалпы 26 249 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 3 326 пациент стационарда, 22 923 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

197 адамның жағдайы ауыр, 88 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957596-koronavirus-almaty-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel