Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде жасөспірім қызды қағып, белгісіз бағытта алып кеткен көлік жүргізушісі іздестірілуде

Опубликовано:

қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Семейде көлік жүргізушісі кішкентай қызды қағып, оны белгісіз бағытқа алып кеткен. Қазір полиция қызметкерлері екеуін де іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 ақпанда Семей қаласының полиция басқармасына "Радуга" сауда үйінің маңындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде шамамен 12-13 жастағы қызды белгісіз жүргізуші қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

Көлік жүргізуші зардап шеккен қызды белгісіз бағытта алып кеткен. Аталған фактіні полиция тіркеп, Семей полиция басқармасының жеке құрамы іздестіру жұмыстарын бастаған.

"Медициналық мекемелер тексерілді. Тексеру барысында 7-15 жас аралығындағы баланың жол апаты салдарынан дене жарақатын алу фактісі бойынша "103-ке" өтініштер келіп түспегені анықталды", - дейді ШҚО полиция департаментінен.

Құзырлы орган баланың жоғалғанына байланысты жүгінгендер де болмағанын жеткізді.

"Қазіргі уақытта көлік жүргізушісі мен баланың жеке тұлғасын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр", - дейді өңірлік полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957650-semeide-kiskentai-qyzdy-qagyp-belgisiz-bagytta-alyp-ketken-olardyn-ekeui-de-izdestirilude/

pixel