Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әуе компанияларға Украинаның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанның әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті Telegram каналында хабарлады.

"Украина аумағында азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне төнетін қауіпке, сондай-ақ NOTAM жариялаған Днепр, Львов, Симферополь, Одесса, Киев және әскери іс-қимылдармен байланысты басқа да аймақтарда ұшуға тыйым салынуына байланысты, отандық компанияларының барлығына Украинаға және бұл елдің үстімен ұшуға тыйым салынады", - деп хабарлады ведомстводан.

Осы ретте, комитет тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына жағдай тұрақталғанға дейін Украина аумағына және оның әуе кеңістігімен ұшуына тыйым салынатыны туралы тиісті нұсқаулар (радиограммалар) жібергенін хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украинадан келетін және бұл елге баратын рейстердің тоқтатылуына байланысты Азаматтық авиация комитеті жедел желіні іске қосқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957657-qazaqstan-usaqtaryna-ukraina-aspanynda-usuyna-tyiym-salyndy/

pixel