Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинадағы қазақстандықтар Польша арқылы елге жеткізіледі

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан Украинадағы азаматтарын репатриация рейсі арқылы елге жеткізеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігі растап отыр.

Елшіліктің хабарламасында Air Astana әуе компаниясының 25-26 ақпанда репатриация рейсін жүзеге асыруды жоспарлап отырғаны жазылған.

Аталған рейс Польшаның Катовице қаласында.

Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз "жасыл дәліз" қамтамасыз етілмек.

"Азаматтардан Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19", - делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957859-ukrainadagy-qazaqstandyqtar-polsa-arqyly-elge-zetkiziledi/

pixel