Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

25 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ;
  • "сары" аймақта Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары;
  • "жасыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетейік, Қазақстанда тағы 523 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың дені Алматы қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957875-qazaqstannyn-tagy-bir-oniri-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel