Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ұсталған тағы бір шенеуніктің видеосы тарады

Опубликовано:

4
Видеодан кадр: Алматы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Алматы облысы Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы 1 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, шенеунік 18 ақпанда Кеген ауданындағы жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым директорынан 1 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген..

20 ақпанда Талдықорған мамандандырылған тергеу соты күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", - деп атап өтті Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Ал видео кадрларында ер адам ұсталған уақытта көшеде сауда арбасымен жүргені көрініп тұр. Артынша ол бір қорап ақшаны қалтасынан шығарып, жерге қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1957983-almaty-oblysynda-ustalgan-tagy-bir-seneuniktin-videosy-tarady/

pixel