Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинада қалған қазақстандықтарға тағы бір транзиттік жол ұсынылды

Опубликовано:

Жол
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның Украинадағы елшілігінің ресми Telegram парақшасында отандастырымызды елге қайтарудың тағы бір жолы жарияланды. Қазақстандықтарға Украинадан Молдова арқылы шығу ұсынылып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Украинаның Одесса облысының аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтары елден Молдова Республикасы арқылы кете алады (Старо-Казачья, Паланка, Тудор және Серпневое-1 шекаралық өткелдері).

Украина мен Молдова шекарасына дейін өздігінен жүрудің оңтайлы бағытын анықтауды ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы елшілігінің байланыс телефоны: +373 61 070 550, +373 60 601 676, +373 69 474 722.

Қазақстан Республикасының Молдовадағы Құрметті Консулы Роман Станков, тел. +373 788 22 222", - деп хабарлады елшіліктен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958012-ukrainada-qalgan-qazaqstandyqtarga-tagy-bir-tranzittik-zol-usynyldy/

pixel