Елдегі эпидахуал: "Сары" аймақта 1 қала мен 1 облыс қана қалды

Опубликовано:

Бетперде23
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ел үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 26 ақпандағы жағдай бойынша еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, "қызыл" аймақта бірде бір өңір жоқ.

"Сары" аймақта Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы орналасқан.

Ал "жасыл "аймақта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде өткен тәулікте 455 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тесті арқылы расталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958105-eldegi-epidaxual-sary-aimaqta-1-qala-men-1-oblys-qana-qaldy/