Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: kstnews.kz

Павлодар облысы Аққулы ауданында тас жолда апат болып, салдарынан екі адам қаза тапты, бір адам ауруханаға түсті деп жазады Sputnik Қазақстан.

26 ақпанда сағат 10.00-де Аққулы ауданы Тілектес ауылының жанында "Павлодар-Аққулы" автожолының 55-шақырымында "ВАЗ 21015" автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, "Тойота Камри 40" автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "ВАЗ 21015" автокөлігінің екі жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. "Тойота Камри 40" көлігінің 30 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Полиция жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958139-pavlodar-oblysynda-zantursigerlik-zol-apatynan-eki-adam-koz-zumdy-video/

pixel