Украинада зардап шеккен қазақстандықтар бар ма: СІМ жауап берді

Опубликовано:

СІМ
Фото: Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты

Қазақстан СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство брифингінде Украинада зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қуанышқа орай, зардап шеккендер (Украинадағы қазақстандықтар арасында - ред.) жоқ. Әзірге бізде деректер жоқ, яғни бізге ешкім жүгінген жоқ. Осылай жалғаса береді деген үміттеміз", - деді Смадияров.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Украинадан оралуын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқанын жазған едік.

Сонымен бірге, қазір қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Украина шекарасында 3 автобус тұр. Алғашқы автобуста 49 адам, екінші автобуста 46 адам және тағы бір автобуста 79 адам бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1958155-ukrainada-zardap-sekken-qazaqstandyqtar-bar-ma-sim-zauap-berdi/